Германияда бір мешітке шабуыл жасалды

Дрезден Фатих мешіті қоғамы төраға орынбасары Хүсейин Ташкын оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады.

1213886
Германияда бір мешітке шабуыл жасалды

Германияның Саксония штатының Дрезден қаласындағы Дін істері Түрік-Ислам одағына қарасты Фатих мешітіне кім екені белгісіз адамдар шабуылдады.

Дрезден Фатих мешіті қоғамы төраға орынбасары Хүсейин Ташкын кеше жергілікті уақытпен 14.00-де кім екені белгісіз шабуылдаушының мешітке тас лақтырып 3 терезесін сындырғанын мәлімдеді.

Ташкын шабуыл кезінде мешітте ешкім жоқ екенін, оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің оқиғаны тергегенін атап көрсетті.

Дрезден полициясы мәлімдемешісі Марко Ласке болса неміс баспасөзіне жасаған мәлімдемеде полиция топтарының айналада күдіктілерді іздеп жатқанын білдірді.

Полицияның мешітте жұдырық үлкендігінде 3 тас тапқанын атап көрсеткен Ласке полицияның криминал бөлімшесінің тергеуді жалғастырғанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар