Мадуро мұсылмандықты таңдауы мүмкін

Мадуроның сөздерін Сыртқы істер министрі Чавушоғлу жеткізді.

1168625
Мадуро мұсылмандықты таңдауы мүмкін

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуроның «Жаужүрек Ертұғрыл» телехикаясы жөнінде «Бұл телехикая шын Исламды түсіндіреді.  Бәлкім бір күн осы телехикаяның арқасында мұсылман болып қалармын» дегенін айтты.

Чавушоғлуны Анталияда Алааддин Кейкубат Университетінде «Жастармен кездесу» бағдарламасы үшін бір топ студенттер «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалындағы киімдерін киім қарсы алды.

Чавушоғлу телехикаяның бір бөлімінің Аланияда түсірілгенін,  осы бөлімнің екі аптадан кейін жарияланатынын айтты.

Министр Чавушоғлу қыркүйек айында Венесуэлаға барғанында кездесуден кейін осы телехикаяның түсірілімінен бір видеоны Мадуроға көрсеткенін айтып: «Мадуро қуанып кетіп, орнынан түрегелді.  Телехикаядағы кейіпкерлердің есімдерін бір-бірлеп айтқаннан кейін тынышталды және «Бұл телехикая шын Исламды түсіндіреді.  Бәлкім бір күн осы телехикаяның арқасында мұсылман болып қалармын» деді.  Осындай сөздерді естіп, біз де марқайып қаламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар