"Мәдениет пен өнер өте маңызды"

Ердоған «2018 жылдың Мәдениет және туризм министрлігі Арнайы жүлделері» рәсімінде сөз сөйледі.

1123117
"Мәдениет пен өнер өте маңызды"

Президент Режеп Тайып Ердоған мәдениет пен өнердің өте маңызды екенін айтты.

Ердоған «2018 жылдың Мәдениет және туризм министрлігі Арнайы жүлделері» рәсімінде сөз сөйледі.

Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан 1979 жылдан бері беріліп келе жатқан Арнайы жүлделердің лауреаттары анықталды.

Министрліктің Арнайы жүлделеріне 2018 жылы Эмин Онган Үскүдар музыка қоғамы мен Догуш тобының қолдауымен құрылған «Ара Гүлер мұрағат және зерттеу орталығы» лайықты деп табылды.

Ердоған осында сөйлеген сөзінде мәдениет пен өнердің терроризммен күрес,  сыртқы саясат,  негізгі қызмет салалары секілді өте маңызды екенін айтып: «Алдымыздағы кезеңде Құдай қаласа елімізде мәдениетті,  өнерді,  сәулетті,  қала сәулетін лайықты деңгейіне жеткіземіз» деді.

Президент Ердоған Президенттік аппаратта құрылған Мәдениет және өнер саясаттары кеңесінің осы саладағы саясаттардың қалыпьасуына үлес қосатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар