Түркиядан Францияға Кашыкчы наразылығы

Фахреттин Алтун Франция сыртқы істер министрінің президент Ердоған жайлы мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

1086405
Түркиядан Францияға Кашыкчы наразылығы

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Франция Сыртқы істер министрінің Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанды саяси ойын ойнағаны жайлы жаланы қабылдамағандарын атап көрсетті.

Фахреттин Алтун Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианның Джемал Кашыкчы қастандығымен байланысты мәлімдемелеріне наразылық көрсетті.

Түркияның Кашыкчы қастандығын барлық егжей-тегжейімен ортаға шығаруды жалғастыратынын атап айтқан Алтун қастандық бұйрығының кім тарапынан берілгенінде анықтауға тырысқандарын білдірді.

Түркияның тұрақты талпыныстары болмағанда, оқиғаның әлде қайда ұмытылатынын атап көрсеткен Алтун «Джемал Кашыкчы қастандығына қатысты дәлелдердің көптеген дос мемлекетпен бөліскендерін, Түркияның шындықты ортаға шығару мақсатын ашық түрде көрсетеді. Канада премьер-министрі құрметті Джастин (Жюстен) Пьер Джеймс Трюдо да бүгін өткізген баспасөз жиналысында осын растады. Осы кезеңде Францияға қарсы басқаша қозғалған емеспіз. Кашыкчы қастандығымен байланысты дәлелдердің француз мемлекетінің тиісті мекемелерімен де бөлісілгенін растаймын. 2018 жылы 24 қазан күні француз барлауынан бір өкілге тиісті үн таспаны тыңдатып, өздерімен араларында жазбаның аудармасы да бар егжей-тегжейлерді бөлістік. Егер француз мемлекетінің әртүрлі мекемелері арасында байланыс болмаса, осы мәселені Түркия Республикасы емес, француз мекемелері өзара шешуге тиісті. Түркия Кашыкчы қастандығының егжей-тегжейін ортаға шығару үшін тырысады. Қастандық бұйрығының кім тарапынан берілгенінде дейін зерттейміз. Осылайша Франциядан бастап, барлық халықаралық қоғам мүшелерін осы мақсатта ұмтылу үшін қадам басуға шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар