Шетелдіктер той үшін Стамбулға келеді

Стамбул қаласы шетелдіктер үшін той өткізетін жерге айналды.

1033801
Шетелдіктер той үшін Стамбулға келеді

Стамбул қаласы шетелдіктер үшін той өткізетін жерге айналды.

Шетелден келген көптеген жас жұбайлар Босфор бұғазындағы жерлерде той жасауды таңдауда.

Осы тойлардың бюджеті болса 2-17 миллион түрік лирасы арасында өзгереді.

Әсіресе Таяу Шығыс азаматтары ғұмырларын бірлестіру үшін Түркияны таңдайды.

Соңғы кезде бұғаздағы қонақүйлер және саяжайларда өткізілетін үйлену тойларының құны миллион долларлармен есептеледі.

Тойды Стамбулда өткізуді таңдаудың басты себебі – табысты жарнамалар. Түрік телесериалдарының шетелдердегі әсері маңызды рол ойнады.

Үндістандық жастардың тойларымен басталған жаңа ағым Иран және Ливандық жұптардың да әмиянның аузын ашуымен басқа бір деңгейге жетті. Таяу Шығыстан келген қалыңдық пен күйеу балалар тек той жүргізілетін мекен үшін 2 миллион лира жұмсайды. Жаз маусымы басталғалы бері өткен үйлену тойларының арасындағы ең қымбаты - 17 миллион лираға түскені.

Стамбулда той жасаған шетелдік қонақтар өз мәдениеттерінің де әдет-ғұрыптарын ұмытпайды. Тойдағы қызметтің барлығы той иелерінің талаптарына сай орындалады.



Ұқсас жаңалықтар