Террористтер Килиске снарядпен шабуылдады

Сирияның Африн аймағындағы PYD/PKK-лық террористтер Килиске снарядпен шабуылдады.

899389
Террористтер Килиске снарядпен шабуылдады

Африндегі террор ұйымының сағат 14.30-да атқан артиллерия снаряды Өнджүпынар аумағындағы Зәйтүн бағына құлады.

Адам мен мүлікке шығын келмегені білдірілген шабуылда полиция оқиға орнында тергеу жұмыстарын бастады.

Түрік қарулы күштері оқиғаның артынан PYD/PKK террор ұйымының Сирияның Африн аймағындағы нысандарын әуе мен құрлықтан бомбалады.

Хатайдың Рейханлы ауданы Гүлтепе аумағына жасалған шабуылда зымыран тегіс жерге құлағаны себепті ешкімге зиян келмегені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар