Килиске жасалған шабуылда 2 адам қаза тапты
Сириядан атылған снаряд тарихи мешiтке құлады.
896432
Сириядан атылған екі снаряд Килис қаласына құлады. Шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 адам қаза тапты.
Килис губернаторлығынан жасалған мәлімдемеде снарядтардың бірінің Чалык мешітін нысанаға алғанын, шабуылда біреуі түрік, екіншісі сириялық екі адамның қаза тауып, 6 адамның жарақат алғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде жеңіл жарақат алған 5 адамның емделгені білдірілді.
Килиске атылған снарядтардың артынан Түрік қарулы күштері террор ұйымын нысанаға алып, гаубицалармен еселеп қарсылық берді.
Ұқсас жаңалықтар
Владимир Путин Хакан Фиданды қабылдады
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Ресеймен қарым-қатынас жақсы дамып келеді» деді.