Жаңа сериал таныстырылды

Шараға президент Ердоған да қатысты.

890308
Жаңа сериал таныстырылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия теле-радио корпорациясының жаңа «Күт-үл Амаре» сериалының таныстырылымына қатысты.

Анкарада болған шараға президент Ердоған жұбайы Емине Ердоғанмен бірге қатысты.

Бештепе Ұлт конгресс орталығындағы шарада алдымен теле сериалдың бірінші бөлімі көрсетілді.

Артынан президент пен жұбайы,  премьер-министр Бинали Йылдырым және жұбайы Семиха Йылдырым мен сериалдың продюссері, актерлері естелік  үшін суретке түсті.

Күт-үл Амаре шайқасы – Бірінші дүниежүзілік соғыстың Ирак майданында ағылшын жасақтары және одақтастары мен Османлы күштері арасында болған шайқас.

Бір Османлы әскерінің ағылшын әскери ұшағын мылтығымен атып құлатқан осы шайқаста ағылшындардың мыңдаған әскері тұтқынға түсірілген болатын.

 Аталмыш сериал 18 қаңтар бейсенбі күні TRT-1 арнасынан көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар