Президент палестиналық даун синдромы бар жігітті қабылдады

Израиль әскерлері қамауға алып, артынан босатқан жігіт Түркияға жеткізілді.

873502
Президент палестиналық даун синдромы бар жігітті қабылдады
arslan down sendromlu filistinli.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль әскерлері қамауға алып босатқан, артынан Түркияға жеткізілген даун синдромы бар палестиналық Мұхаммед әт Тауыл мен отбасын қабылдады.

Президенттік сарайда даун синдромы бар Мұхаммед, анасы Веджихе мен әкесі Халил Ибрахимді қонақ қылған Ердоған отбасымен әңгімелесті.

Артынан өабылдау барысында Мұхаммедпен Рабиа белгісін жасап түскен суретті Твидтерде жариялаған президент: «Иерусалимдік Мұхаммед бауырыммен бірге әлемге жолдауымыз мынадай: Иерусалим – қызыл сызығымыз» деп жазды.

Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан да Мұхаммед пен отбасын қабылдады.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп 6 желтоқсан күні Иерусалимді Израильдің астанасы деп жариялағаннан кейін палестиналықтан наразылық білдіре бастаған болатын.  Осындай наразылық акциясына даун синдромы бар Мұхаммед әт Тауыл да қатысып,  оны Израиль әскерлері қамауға алған болатын.

 


Ұқсас жаңалықтар