Президент Ердоған шешімге ризашылығын білдірді

АҚШ-тың шешіміне қарсы Түркияның жобасы БҰҰ-да қабылданды.

873427
Президент Ердоған шешімге ризашылығын білдірді

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Жалпы кеңесінің Иерусалим резолюциясын қабылдануына риза болғанын білдірді.  

Ердоған Иерусалим жобасының 9 дауысқа қарсы 128 дауыспен қабылдануына орай «Иерусалим тақырыбында БҰҰ Жалпы кеңесіне ұсынылған резолюция жобасының қабылдануына қуаныштымыз» деді.

Президент Ердоған Твидтер есебінен Иерусалим резолюциясының қабылдануына орай жазба жариялады.

«Трамп әкімшілігінің БҰҰ Жалпы кеңесі тарапынан заңсыздығы ашық көрсетілген осы шешімінен тез арада кері қадам басуын күтеміз.  Палестина мен Иерусалим күресіне қолдау көрсеткен баршаға жеке өз атымнан және ұлтым атынан алғыс айтамын» деді ол.

Президент Ердоған осы жазбаны ағылшын және араб тілдерінде де жариялады.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да: «Трамп әкімшілігінің Иерусалим жөніндегі шешіміне қарсы резолюция жобасы БҰҰ-да қабылданды.  Иерусалим атына, Палестина күресі атына, жаһандық әділет және ұждан атына осы тарихи шешім қайырлы болсын» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар