«Әлем 1-ден де үлкен. 196 есе үлкен»

Президент Ердоған қорқытумен демократия болмайтынын айтты.

873942
«Әлем 1-ден де үлкен. 196 есе үлкен»

Президент Ердоған әлемнің бестен үлкен екенін тағы бір рет еске салып: «Әлем 1-ден де үлкен. 196 есе үлкен» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған партиясының ғимаратында Кеңейтілген қалалық партия филиалы төрағалары жиналысында сөз сөйледі.  Ол БҰҰ Бас Ассамблеясында Иерусалим резолюциясының көпшілік дауыспен қабылдағанына тоқталды.

«Тағы бір рет еске саламыз.  Әлем 5-тен үлкен.  Оның үстіне 1-ден де едәуір үлкен. 196 рет үлкен. Бас Ассамблеядағы дауысқа салудан бұрын Американың ұстанымы адамзаттың ұжданында терең жара ашты. Ұшақтарым бар, бомбаларым бар. Бұлар сізге күш бермейді.  Қасыңызда тек Израиль және оған ұқсас 5-6 ел қалады. Қарсы алдыңызда 128 ел бас имей тұрғанын көресіз.  Ешбір елдің заңсыз және әділетсіз екені ашық осындай жағдайда күшіне сеніп,  әлемді қорқытуға құқығы жоқ» деді ол.

АҚШ-тығ қарсы дауыс қолдану үшін елдерді қорқытқанын еске салған Ердоған: «Біз әрі доллар береміз,  бұған қарамастан бізге қарсы келесіз» деді.  Адамдардың, мемлекетттердің демократиялық ерік-жігерлері қашаннан бері ақшаға сатыла бастады. Демократияны сатып алуға болмайды.  Осыны түсіну керек.  Егер осылай ойлайтындар болса,  сабақ алуын жалғастырады» деді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының барлық қорқытуларға қарамастан,  абыройлы ұстаным ұстанып,  9 дауысқа қарсы 128 «қабыл» даусымен Иерусалимге байланысты резолюцияны қабылдағанын білдірген президент «қабыл» даусы қолданған елдерді құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар