Түркия Франция және Италиямен ынтымақтастық хаттамасына қол қойды

Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысты.

843961
Түркия Франция және Италиямен ынтымақтастық хаттамасына қол қойды

Түркия, Франция және Италия Қорғаныс министрліктері тарапынан ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Ынтымақтастықтың алғашқы қадамы ретінде «SAMP-T» әуе қорғаныс жүйесін негізге алған бір жүйе «EUROSAM» концорциумі және Түркия фирмалары тарапынан сараптама жасалып, 3 елдің ортақ қажеттіліктерінің анықталуына бағытталған   жұмыстар басталады.

Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына орай Бельгиядағы НАТО Штаб пәтерінде әртүрлі кездесулер өткізді.

Министр Джаникли бұл аяда Франция Қорғаныс министрі Florence Parly және Италия Қорғаныс министрі Roberta Pinotti мен бас қосты.

Үштік кездесуде Франция және Италия қорғаныс министрлері мен Ұлттық Қорғаныс министрлігі арасында қорғаныс ынтымақтастығымен байланысты хаттамаға қол қойылды. Ынтымақтастықтың алғашқы қадамы ретінде «SAMP-T» әуе қорғаныс жүйесін негізге алатын бір жүйе «EUROSAM» концорциумі және түрік фирмалары тарапынан сараптамадан өткізіледі.

Елдер арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік ынтымақтастығын күшейту, НАТО құрамында екі және үштік форматта кеңес жиналыстары ұйымдастыру, НАТО-ның ортақтарымен ынтымақтастық жетілдіруге қолдау беру хаттамада назар аударған тақырыптар.



Ұқсас жаңалықтар