Министр Кая Голландиядағы оқиғаны түсіндірді

Министр Голландияның адам намысын таптайтын әрекеттерді «дипломатия тарихын ұятқа қалдырды» деп бағалады.

693321
Министр Кая Голландиядағы оқиғаны түсіндірді

Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Кая 11 наурыз сенбі түні Голландияның адам намысын таптайтын әрекеттерін «дипломатия тарихын ұятқа қалдырды» деп бағалады.

Министр Кая Денизли Өнеркәсіп саудагер іскерлері платформасы ұйымдастырған «Іскер әлемі кеңес жиналысына» қатысты.

Кая өткен апта Германия мен Голландиядағы түріктермен бас қосқанын,бірақ Роттердам қаласындағы түрік консулдығына 30 метр жақындаған кезде полиция тарапынан тоқтатылғанын еске салды.

Осыған қарамастан тік тұрғандарын атап көрсеткен Кая «Сол күні Голландияның адам намысын таптайтын әрекеттердің «дипломатия тарихын ұятқа қалдырды. Бізді бұрын-соңды болмағандай шекарадан шығарғысы келді. Консулдық пен сенімді өкілді тергеуге алды. Әйел министр ретінде бұл әрекетті айыптағанымды айттым. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінен 3 күн өткен соң Еуропаның кіндігінде бізге мұны неліктен жасады деп ойлаймын» деді.

Министр Кая кеше де Нью-Йоркта БҰҰ Әйелдердің мәртебесі комиссиясының 61-ші отырысында баяндама жасап, Голландиядағы оқиғаларды түсіндіргенін атап көрсетті.

Голландия әкімшілігі сенбі күні Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның ұшағының қонуына рұқсат бермеген, Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Каяны болса Түркияның Роттердам бас консулдығына кіргізбеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар