Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Голландия үкіметін айыптады

Кахраман Голландияның фашизм мен нацизмді еске түсіретін қылықтар көрсеткенін атап көрсетті.

689944
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Голландия үкіметін айыптады

Исмаил Кахраман жазбаша мәлімдемесінде Еуроодақ мүшесі кейбір елдердің соңғы күндері Түркияға қарсы халықаралық заңдарға қарама-қайшы ұстанымына назар аударды.

Сыртқы істер министрі мен Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Каяға қарсы ортаға қойылған ұстанымның ешқандай қабылданбағанын атап көрсеткен Мәжіліс төрағасы «Голландия үкіметін ең қатаң түрде айыптаймын» деді.

Кахраман жолдамасында «Ішкі саясат есептері үшін Еуропада өмір сүрген азаматтарымыз бен ұлтымыздың өшпенділік сезімін оятатын мұндай тыйымдардың Еуроодақ құндылықтарына, қазіргі жаһандық құқық нормаларына қарама-қайшы екенін, сондай-ақ Түркияның қарсылық беру құқы болғанын еске сала отырып, бұл жағдайды қабылдамаймыз және жағдайды асқындырмау үшін Голландия үкіметін жауапкершілік алып, саналы қозғалуға шақырамын» деді.

Басқа жағынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Голландия жасаған әдепсіздіктің артынан бір қатар еуропалық лауазымдымен сөйлесті.

Сыртқы істер министрі НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергке қоса Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон және Венгрия Сыртқы істер министрі және сауда министрі Петер Сийяртомен әңгімелесті.



Ұқсас жаңалықтар