Гутерреш бүгін Түркияға келеді
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш екі күндік іссапармен бүгін Түркияға келеді.
669698
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш екі күндік іссапармен бүгін Түркияға келеді.
Антониу Гутерреш 2017 жылы 1 қаңтар күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы міндетін тапсырып алған еді. Гутерреш осы сапарында Түркия және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың дамытылуы, Кипр және Орташығыстағы жаңалықтар, аймақтық оқиғалар сынды тақырыптар жөнінде пікір алмастырады.
Антониу Гутеррешті премьер-министр Бинали Йылдырым қабылдайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш Түркиядан кейін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Катар және Мысырға барады.
Ұқсас жаңалықтар
Хакан Фидан Польша Сыртқы істер министрімен кездесті
Хакан Фидан Варшавада Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскимен кездесті.