37 мың босқынды аман алып қалды

Халықаралық Миграция ұйымының бас директоры Уильям Свинг конференцияда сөз сөйледі.

650359
37 мың босқынды аман алып қалды

Сыртқы істер министрлігінің «2023 жылға қарай: Ұлттық құндылықтар және жаһандық нысаналар» атты 9-шы Өкілетті елшілер конференциясы Анкарада жалғасып жатыр.

Конференцияға шетелдік қонақтар да шақырылды.

Халықаралық Миграция ұйымының бас директоры Уильям Свинг конференцияда сөйлеген сөзінде Түркияның босқындар тақырыбындағы ынтасына назар аударды. «Бұл Түркияның және түрік азаматтарының адамгершілігін көрсетеді» деді ол.

ХМҰ ретінде Түрік Жағалау қолбасшылығымен ынтымақтастықта екендерін білдірген Свинг осы ұйымға алғыс айтты.

«Түрік жағалау қауіпсіздігі тек 2016 жылы 37 мың босқынды аман алып қалды» деді ол.

Қазіргі таңда адам баласының тарих бойынша ең көп орын ауыстырған кезеңнен өтіп жатқандарын атап көрсеткен Свинг босқындардың 250 миллионының шекаралардан өткенін, 750 босқынның да ел ішінде көшіп-қонғанын айтты.

«Яғни 7 миллиард адамның 1 миллиарды босқындардан тұрады» деді ол.

Халықаралық Миграция ұйымы басшысы «Түркияда Ішкі істер министрлігі қарамағында Миграция басқармасы жұмыс істеп тұрғанына қатты риза болдым.  Көш - жақсы басқарылуы керек тақырып» деді.



Ұқсас жаңалықтар