Президент Ердоған Кечиөрен метросының ашылу рәсіміне қатысты

Ашылу рәсімінде сөйлеген президент Ердоған Түркияға бағытталған қауіптерді ұялаған жерінде жою керектігін атап көрсетті.

645143
Президент Ердоған Кечиөрен метросының ашылу рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға бағытталған қауіптерді ұялаған жерінде жою керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған Анкарада Кечиөрен метросының ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімде сөйлеген сөзінде Түркияның шыға алмағандардың террор ұйымдары арқылы жанға қиып, қанжар салуға тырысқанын атап көрсетті.

Түркияның жол картасын жалғастыратынын атап айтқан Ердоған «Бізді бір кездері ‘ДАИШ-пен күреспейді’ деп халықаралық қоғамда қыспаққа алғысы келгендердің, әдепсіз түрде айыптағандардың бұл ұйыммен күрескен кезде ‘одан әрі бармаңдар’ деп сынға алуы, ’20 шақырымнан ары өтпеңдер’ деуі бостан бос емес. Олар не қаласа оны айтсын, біз өз тағдырымызды өзіміз шешеміз және жол картамызды жалғастырамыз» деді.

Түркияның ДАИШ-ке қарсы күресінің жалғасатынына назар аударған Ердоған «ДАИШ-ке қарсы басқа террор ұйымдарына қолдау бергендердің ойындары мен сылтауы Түркияның майданға шығуымен бұзылды. Бұлардың мәселесінің ДАИШ-тен және басқа террор ұйымдарынан аймақты тазалау емес, керісінше аймақтың соңы көрінбейтін бір қан мен өрт теңізіне айналдыру» деді.

Түркияға бағытталған қауіптерді ұялаған жерінде жою керектігін атап көрсеткен президент Ердоған «Мына бір жайтты ешқашан есімізден шығармауымыз керек; Түркияның қауіпсіздігі Газиантепте емес Алеппода, Хатайда емес Идлибте, Мерсинде емес Кипрда, Карста емес Нахчыванда, Артвинде емес Батумиде, Фракияда емес Балканнан басталады. Мұны барша жақсы білсін» деді.

Террор ұйымдарының бір-бірінен айырмашылығы жоқ екеніне назар аударған Ердоған «ДАИШ, ПКК, PYD, YPG, DHKP-C және оған қоса айтамын ФЕТӨ ешқайсысының бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Бұлар, ниеттерін ешқашан жасыруға тырысқан жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар