Тікұшақ танкқа қарсы зымырандық жүйемен жабдықталады

ATAK арнайы қару технологиясымен Түрік Қарулы күштерінің күшіне күш қосады.

616367
Тікұшақ танкқа қарсы зымырандық жүйемен жабдықталады

ATAK деп аталатын отандық тікұшақ ұзын қашықтықты танкіге қарсы реактивтік снаряд (UMTAS)  және лазер дәлдікпен қамтамасыз етілген ұзын қашықтықты танкқа қарсы зымырандық жүйемен (L-UMTAS)  жабдықталады.

ATAK маневр қабілеті жоғары, жаңа буын нысан анықтау жүйесі, ықпалды және арнайы қару технологиясымен Түрік Қарулы күштерінің күшіне күш қосады.

Түрік Қарулы күштеріне 2014 жылы қосылған отандық тікұшақ осы жүйе арқылы бірнеше км қашықтықтағы нысанды жою қабілетіне ие борлады.

Соңғы бір жылдан бері терроризммен күрес операциялары жүріп жатқан аймақтарда белсенді түрде міндет атқарған тікұшақтар жаңа ерекшеліктерімен террор ұйымының үрейі болады.

Зымырандық жүйенің ATAK тікұшақтарына интеграциясы жалғасуда.  Осы аяда сынақтар да жүргізілуде.

Отандық электроника және қару жүйесімен жабдықталған ATAK тікұшақтарының 16-сы қарулы күштер құрамында.  Тікұшақтардың өндірісі де жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар