4 миллиард 100 миллион долларлық 26 жоба жүзеге асырылмақшы

Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясының мәжілістегі жиналысында сөз сөйледі.

601219
4 миллиард 100 миллион долларлық 26 жоба жүзеге асырылмақшы

Премьер-министр Бинали Йылдырым қорғаныс өнеркәсібі саласында 4 миллиард 100 миллион долларлық 26 жобаның жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясының мәжілістегі фракция жиналысында сөз сөйледі.

Премьер-министр Түркияда 8 жылдан бері жалғасып келе жатқан Инвестиция ақылдасу жиналысының 9-шы отырысының өткенін, осы отырысқа 21 алпауыт компанияның қатысқанын еске салды.

«Ең маңызды жайт FETÖ таратуға тырысқан «Түркияда экономика мен тұрақтылық бұзылуда» деген түсінікке қарамастан инвесторлардың бұған сенбегенін көрдік» деді ол.

Әсіресе ірі компаниялардың Түркияны өз компанияларының орталық базасына айналдыруға шешім бергендерін айтып, Түркияда тек жаһандық инвестициялар салынып қоймағанын,  аймақтағы барлық инвестициялардың Түркия арқылы басқарылғанын атап көрсетті.

Премьер-министр сонымен бірге қорғаныс өнеркәсібін нығайту үшін 26 жобаны бекіткендерін білдірді. Бұлардың сомасы 4 миллиард 100 миллион доллар тұрады.

F-35 ұшақтарының алғашқылары 2018 жылы Түркияға келеді.  Осы ұшақтардың өндірісіне Түркия өзі де қосылып отыр.



Ұқсас жаңалықтар