Террор ұйымы Клинтонның қорына ақша құйған

Фетуллахшы террор ұйымының Хиллари Клинтонның сайлау қорына ақша құйғаны әшкереленді.

584144
Террор ұйымы Клинтонның қорына ақша құйған

Фетуллахшы террор ұйымының жәрдем мекемесі ‘Ешкім жоқ па?’ қоғамы жайлы тергеумен ұйымның АҚШ-та жасаған лобия бағыштары тұңғыш рет ресми құжатта орын алды.

Тергеу ‘кедейлерге жәрдем’ ұранымен жиналған ақшаның ұйым және АҚШ-тағы президенттік сайлаудың үміткері Хиллари Клинтонның қоғамына қалай құйылғанын ортаға шығарды.

Сабах газетінің хабарына қарағанда Стамбұл Анадолы Республикалық прокуратураға қарасты Заңсыздық және қаржы қылмыстарын тергеу бюросы тергеу барысында «несие аудару» атымен тіркелген екі бөлек құжаттың Банк Азия арқылы жіберілгенін дәлелдеді.

2015 жылы 29 сәуір күнгі құжатқа қарағанда орталығы Стамбұл Үскүдардағы «Ешкім жоқ па жәрдем қоғамы ‘The Bank of New York Mellon’ арқылы Clinton Global Initiative'e (Клинтон жаһандық қоры) 5 мың доллар жолдады.

Құжатта ақшаны аударушы ретінде Саваш Метин деген ат қолданылған.

Аталмыш тұлға бұдан 3,5 жыл бұрын қоғамның хатшылық қызметін атқаратын.

2015 жылы 17 маусым күнгі екінші құжатпен тағы бірдей банк арқылы Клинтон қорына 20 мың доллар аударылды.

Прокурор күдіктілердің тұтқындалуы талап етілген 7 беттен тұратын қылмыстық актіде «Әлеуметтік қызмет жауапкершілігімен діни нанымдар қолдану арқылы жиналған ақшаларды әсіресе АҚШ-та өтетін сайлауда және кейін ұйымның мүдделері үшін әсіресе ұйым басшысы Фетуллах Гүленнің Түркияға кері қайтарылмауы мақсатты сенаторларға және соңғы сайлауда үміткер болған Хиллари Клинтонға бағыш ретінде жіберілген» деп көрсеткен.

Прокуратура 46 күдіктінің 40-ын тұтқындалуы үшін сотқа жіберді.



Ұқсас жаңалықтар