Бүгін - Аналар күні

Президент Ердоған Аналар күніне орай құттықтау жариялады.

486568
Бүгін - Аналар күні

Бүгін сүйіспеншіліктің, пидақорлық және шексіз мейірімділіктің символы болған аналар күні.

Мемлекет басшылары аналар күніне арнап құттықтау жариялады.

Президент Ердоған құттықтауында «Жұмақты аналардың аяғының астына жайған бір нанымның мүшелері ретінде біздер еліміздің және ұлтымыздың бақытты бір келешекке қол жеткізуі үшін аналарымызды ренжітпей құрметтеуіміз керек» деді.

Ердоған дүниеден өткен анасын сағынғандардың бірі ретінде әр бір ананы өз анасының орнына қойғанын атап көрсетті.

Президент Ердоған бүкіл аналардың күнін құттықтап, бұл дүниеге көр салған аналарды да рақымшылықпен еске алғанын білдірді.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде Аналар күнін құттықтады.

Премьер-министр Давутоғлу бүгін үшін арнайы дайындалған бейнетаспада «Аналарымыздың үлкен жүректерін сәлемдеймін. Бүкіл аналарымызды құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар