"Проблемалардың негізінде әділетсіздік жатыр"

Куртулмуш Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Индонезияның астанасы Джакартадағы кезектен тыс жиналысына қатысты.

445839
"Проблемалардың негізінде әділетсіздік жатыр"

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Таяу Шығыстағы проблемалардың барлығының негізінде әділетсіздік пен Палестина жерінің Израиль тарапынан басып алынуының жатқанын айтты.

Куртулмуш Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Индонезияның астанасы Джакартадағы кезектен тыс жиналысына қатысты.

Нуман Куртулмуш Израильдің Газаны Батыс Шерия мен Иерусалимнен бөліп, қоршау астында ұстау саясатының жалғасып отырғанына назар аударды.

Аймақта қысқа уақытта нақты шешім керектігін айтқан Куртулмуш мұның Ислам әлемінің халықаралық қоғамды қозғалысқа салып, екі мемлекеттік шешімге жетуімен жүзеге асатынын білдірді. Нуман Куртулмуш Палестинаға саяхаттың ынталандырылуы керектігін айтты.

Түркия вице-премьері сонымен бірге Сириядан шығып отырған террорға қарсы Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің қолдауын сұрады. «Палестинадағы бейбітшілік үдерісін бұзатын оқиғалар аймақтағы қызуды да арттырады, Таяу Шығыстағы проблемалардың барлығының негізінде әділетсіздік пен Палестина жерінің Израиль тарапынан басып алынуы жатыр» деді ол.

Осы арада 2014 жылғы қараша айында өткен Рабат саммитінде Түркия ұсынған екі бап бүгін қабылданып, Джакарта декларациясында орын алады.

Осы екі бапқа қарағанда палестиналықтар ұшыраған адам құқықтары бұзушылықтарын тексеру үшін үкіметтер арасы мамандар тобы құрылады.



Ұқсас жаңалықтар