Президент Ердоған шетел сапарларын бастайды

Ердоған алғашқы сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Әзірбайжанға ұйымдастырады

109255
Президент Ердоған шетел сапарларын бастайды

Президент Режеп Таип Ердоған «Сайланған бір премьер-министр, сайланған бір президент қол ұстасып, құдай қаласа Түркияны дамыған өркениеттер қатарына көтереміз» деді.
Түркияның 12-ші президенті ретінде 28 тамызда ант ішіп, қызметін бастаған соң алғашқы Стамбұл сапарын жасаған Ердоғанды Ататүрік әуежайындағы мемлекеттік қонақүйінде көптеген адам қарсы алды.
Өзін қарсы алғандарға үн қатқан Ердоған 10 тамыз күні президенттік сайлауда халық ортаға қойған ұлттық ұстанымның Түркияның келешегі үшін маңызды бір жолдама екенін айтты.
Президент ретінде жұмыстарын тығыз түрде жалғастыратынын айтқан президент Ердоған ертең сыртқы саяхаттарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан бастайтынын және дәл арқасынан Әзірбайжанға өтетінін, кейін болса НАТО саммитіне баратынын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар