Кеніште 205 адам қаза тапты

Бүгін таңертең кеніштен 6 кенші аман шығарылды.

67298
Кеніште 205 адам қаза тапты

Манисаның Сома ауданындағы көмір кенішінде шыққан өртте 205 адам қаза тапты. 80 жұмысшы жаралы, олардың төртеуінің жағдайы ауыр.
Құтқару топтары кеніште жұмыстарын жалғастыруда. Өрт әлі жалғасып жатыр.
Бүгін таңертең кеніштен 6 кенші аман шығарылды.
Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз кеніште жұмыс істемейтін, бірақ құтқару үшін келген адамдар бар екенін, сондықтан өлі және жаралы санының өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Сомаға барған Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз оқиға барысында кеніште 787 кеншінің жұмыс істегенін, 363-інің шығарылғанын, әлі кенде қалып қойған жұмысшыларды құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.
Йылдыз кеншілердің уланып қайтыс болғанын білдірді.
Өлі және жаралы санының нақты еместігіне назар аударған министр апаттан кейін құтқару үшін барған адамдар да болуы мүмкін екенін айтты.
Қазір құтқару жұмыстарына 460 адам қатысып отыр. Уақыт өткен сайын уайымдар да артуда. Жаралы кеншілер Сома ауданы және төңіректегі ауруханаларға жеткізілді.
Осы арада кеніштегі апатта қаза болған кеншілердің кім екендерін анықтау жұмыстары да жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар