Түркия сот шешімімен байланысты мәлімдеме жасады

«Қателік пен келіспеушіліктер бар»

66947
Түркия сот шешімімен байланысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Еуропа адам құқықтары сотының Кипр тақырыбындағы Түркияның құнақы төлеуі жайлы шешімді «Қателік пен келіспеушіліктер бар. Заңдық негізден аулақ жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ» деді.
Еуропа адам құқықтары сотының аталмыш шешімімен байланысты Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде 2010 жылы понти тарапының Кипрда ауқымды шешім іздеу келіссөздері жалғасып жатқан бір кезеңде ізгіниеттен аулақ жасаған шағымға «келіссөздерден нәтиже шықсын» деп талпыныстар шоғырланған бір сатыда шешімнің қабылданғанына назар аударылды.
Мәлімдемеде осы шешімнің де Кипрдағы шындыққа қарама-қайшы және заңсыз екені, мазмұны тұрғысынан қате және дәйексіз тұстар болғаны және Кипр мәселесі жалғасып отырған бір кезеңде қабылданбайтыны атап көрсетілді.
«Соттың бұл шешімі Түркияны Кипр мәселесіне әділ және тұрақты шешім табу жөніндегі талпынысты жалғастырудан бас тартқыза алмайды» делінген мәлімдемеде барлық тараптар ауқымды шешім іздеу келіссөздерінің тез арада табысқа жетуі үшін қолдау беруге шақырылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар