Столтенберг Закир Хасановпен кездесті
Столтенберг Әзербайжан армиясының бейбітшілік миссияларындағы кәсібилігін жоғары бағалады.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесті.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Хасанов министрлікте Столтенбергті салтанатпен қарсы алды.
Хасанов НАТО-ға Арменияға қарсы Әзербайжанның аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айтты.
Әзербайжан армиясындағы реформаларға тоқталған Хасанов Столтенбергті миналардан тазарту жұмыстары, басқыншылардан азат етілген аймақтардағы құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары мен Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдай туралы хабардар етті.
Хасанов НАТО-мен табысты ынтымақтастықта болғандарын, бұдан былай қарым-қатынастарды дамытатындарын айтты.
Столтенберг те сөз кезегінде Әзербайжан армиясының бейбітшілік миссияларындағы кәсібилігін жоғары бағалады.
Кездесу барысында киберқауіпсіздік, миналардан тазарту және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасылды.