Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетілді
Душанбеде тәжік тарапына ресми гуманитарлық көмек жеткізу рәсімі өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тәжікстанға 6 миллион долларға жуық гуманитарлық көмек көрсетілді.
Гуманитарлық көмек елдің маңызды энергетикалық нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.
Душанбеде тәжік тарапына ресми гуманитарлық көмек жеткізу рәсімі өтті.
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибжон Зиёдуллоевке 15 мың тонна мазут сертификатын табыс етті.
Қазақстан тарапының 2006 жылдан бері Тәжікстанға көрсеткен гуманитарлық көмегінің жалпы көлемі 50 миллион доллардан асқаны атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөз басталды
Кездесудің негізгі күн тәртібі - екі ел арасындағы шекара мәселесі.