Қазақстан үкіметі Астана үшін даму жоспарын дайындады

Үкімет отырысында Астана қаласы мен оның маңындағы елді мекендерді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

2108682
Қазақстан үкіметі Астана үшін даму жоспарын дайындады

Қазақстан үкіметі жыл сайын халқы шамамен 60 мың адамға өсетін Қазақстанның Елордасы Астананың төңірегін кеңейту бойынша кешенді даму жоспарын дайындады.

 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Астана қаласы мен оның маңындағы елді мекендерді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Даму жоспарына қатысты мәлімдемесінде ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астананың төңірегінде халқы қарқынды өсіп келе жатқан 40-тан астам елді мекен бар екенін айтып, «Осы даму жоспары аясында біз қаланы көркейтеміз» деді. Ол Астанада және оның төңірегінде жоспарлау, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту, экологиялық қауіпсіздік пен төтенше жағдайлар қызметтерін жақсартатынын да айтты. Министр Байбазаров бұл тұрғыда жалпы ауданы 940 гектардан астам аумақта экоқалалар, сондай-ақ 7 өрт сөндіру бекеті салынып, 300 гектар аумақта индустриялық аймақ құрылатынын жеткізді.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астана халқы жыл сайын шамамен 60 мың адамға артып отырғанын, қалаға күн сайын 200 мың адам мен 30 мыңнан астам көліктің маңайдағы облыстардан келетінін айтты.  «Елорда - өңірдегі азық-түлік өндірушілері үшін ең жақын және ең үлкен сату нарығы.  Бекітілген Даму жоспары аясында біз ауруханалар мен мектептерді, өндірістік кешендерді, азық-түлік қоймаларын және логистиканы қоса алғанда, 63 ірі жобаны іске қосуды көздеп отырмыз» дейді қала әкімі.

Сондай-ақ Премьер-министр Бектенов Астанаға іргелес облыстардың көші-қоны елорданың инфрақұрылымына, экологиясына және қауіпсіздігіне қосымша жүк болатынына баса назар аударып, бұл мәселелерді шешуге басымдық берілуі керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар