Байрамов пен Мирзоян кездеседі

Бейбіт келісімнің басты мақсаты - екі ел арасындағы шекараларды бөлу жөніндегі комиссияны шақыру.

2107900
Байрамов пен Мирзоян кездеседі

28-29 ақпан күндері Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Германияның астанасы Берлинде жұмыс сапарымен кездеседі.

Арменияның ресми ақпарат агенттігі мен Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Ани Бадалянның хабарлауынша, Германияның Мюнхен қаласында 17 ақпан күні Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян кездескен болатын. Келісім бойынша 28-29 ақпан күндері Берлинде екі елдің Сыртқы істер министрлері Байрамов пен Мирзоян бейбіт келісім туралы келіссөздер жөнінде жиналыс жасауды жоспарлады.

Бейбіт келісімнің басты мақсаты - екі ел арасындағы шекараларды бөлу жөніндегі комиссияны шақыру.

Әлиев пен Пашинянның екіжақты кездесуіне дейін Германия премьер-министрі Олаф Шольц те қатысып,  үш жақты кездесу өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар