Қазақстан Президенті Тоқаев Катарға барды

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Катар арасындағы қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру үшін қадам басты.

2102921
Қазақстан Президенті  Тоқаев Катарға барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Катарға барды.

Сапар барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Катар арасындағы қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру үшін қадам басты.

Тоқаев Дохада Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танимен екіжақты кездесу өткізді. Тоқаев Катардың жақын арада елдегі ең ірі инвесторлардың ондығына кіретініне сенетінін айтып, екіжақты тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізуді ұсынды. Сондай-ақ Катар нарығына жалпы құны 250 миллион долларды құрайтын өнімді, әсіресе машина жасау, темір, болат және ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға дайын екендерін жеткізді.

Катар Әмірі ынтымақтастық аясында энергетика, сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға басымдық беретіндерін атап өтті.

Кездесулерден кейін Катар Әмірі Президент Тоқаевқа елдің ең жоғары мемлекеттік рәмізі болып табылатын Катардың негізін қалаушы шейх Джасим Бин Мұхаммед Бин Танидің қылышын табыс етті.

Сапар аясында Қазақстан басшысы катарлық бизнес әлемінің өкілдерімен кездесіп, оларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапарының нәтижесінде 18 миллиард долларға жуық инвестиция үшін 9 құжатқа қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар