Сайлаудың ерекше тарихи маңызы бар

Әлиев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысы Сергей Лебедевті қабылдады.

2099661
Сайлаудың ерекше тарихи маңызы бар

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев кеше өткен президенттік сайлаудың Әзербайжан халқы үшін ерекше тарихи маңызы бар екенін айтты.

Әлиев сайлауды бақылау мақсатымен Әзербайжанға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысы Сергей Лебедевті қабылдады.

Әзербайжан Президенттік аппаратының хабарына қарағанда,  Әлиев кешегі сайлаудың алғаш рет елдің бүтін территориясын қамтығанына назар аударды. Ол Ханкенди, Шуша және басқа да азат етілген аймақтардың осы сайлауда қамтылуының Әзербайжан халқы үшін ерекше тарихи маңызға ие екенін атап көрсетті.

Әлиев жерлерінен мәжбүр көшіп кеткен азаматтардың Ұлы Оралу бағдарламасы шеңберінде туған жерлеріне орала бастағанын,  осы процестің алғашқы сатысының 2026 жылы аяқталатынын білдірді.

Әзербайжанды 7 жыл басқаратын президентті сайлау үшін кеше сайлау өткізілген болатын. Сайлауда 4 миллион 971 мың сайлаушының дауыс қолданғаны және Президент Ильхам Әлиевтің дауыстың 92,1 пайызын жинағаны хабарланған еді.



Ұқсас жаңалықтар