"Әзербайжанға дұшпан секілді қарайды" деді

Әлиев  елінің Еуропа кеңесі мен Еуропалық адам құқықтары сотының мүшелігінен шығуы мүмкін екенін айтты.

2096463
"Әзербайжанға дұшпан секілді қарайды" деді

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев  елінің Еуропа кеңесі мен Еуропалық адам құқықтары сотының мүшелігінен шығуы мүмкін екенін айтты.

Ильхам Әлиев ел астанасы Бакуде Парламентаралық одақтың (ПО) бас хатшысы Мартин Чунгонгты қабылдады. Кездесуде Әлиев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА) Әзербайжанға қарсы дұшпандық көзқарас бар екенін мәлімдеді.

ЕКПА-ның бұл көзқарасының ұйымның негізгі қағидаларына қайшы келетінін атап көрсеткен Әлиев «Егер ЕКПА Әзербайжан делегациясының құқықтарын қайтармаса, Баку Еуропа Кеңесі мен Еуропалық сотқа мүшелігін қайта қарайды» деді.

Әлиев Францияның Әзербайжанға қарсы көзқарасына да тоқталды. «Аймақта жойқын саясат жүргізіп жатқан Франция «отқа бензин құйып отыр». Өңіріміздегі шиеленістің себебі болып отырған Париж түрлі халықаралық ұйымдарда да, парламенттік мәжілісте де Әзербайжанға қарсы саясат жүргізуде. Франция Оңтүстік Кавказда көшбасшы болуға ұмтылуда. Алайда оның ықпалын күшейту әрекеті нәтижесіз” деді.



Ұқсас жаңалықтар