Ұлттық Қорғаныс вице-министрі Түфекчи Әзербайжанда болды

Түфекчи Түркия мен Әзербайжан арасында ынтымақтастықтың арттырылуының маңызды екенін айтты.

2090605
Ұлттық Қорғаныс вице-министрі  Түфекчи Әзербайжанда болды

Ұлттық Қорғаныс вице-министрі Джелал Сами Түфекчи Түркия мен Әзербайжан арасында сенім мен қолдауға сүйенетін ынтымақтастықтың арттырылуының маңызды екенін айтты.

Вице-министр Түфекчи Әзербайжанда Қорғаныс министрі Закир Хасановпен бас қосты.  Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап,  Түфекчиның Түркияның кейбір қорғаныс өнеркәсібі компаниясының басшыларымен бірге Хасановпен кездескенін білдірді.

Кездесуде Түркияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Джахит Бағжы да орын алды. Әскери құрал-сайман, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобалар қолға алынды.

Екі ел арасындағы стратегиялық одақтың достық пен бауырластыққа сүйенгенін атап көрсеткен Әзербайжан Қорғаныс министрі әскери салада да қарым-қатынастың жүйелі түрде жетілгенін айтты.

Ұлттық Қорғаныс вице-министр Джелал Сами Түфекчи Түркия мен Әзербайжан арасында сенім мен қолдауға сүйенетін ынтымақтастықтың арттырылуының маңызды екенін атап көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар