Сириядағы бітімнің кепілгерлері Астанада бас қосады

Сириядағы бітімнің кепілгерлері Түркия, Ресей және Иран  14-15 қаңтар  күндері Қазақстанның бас қаласы Астанада бас қосады.

2090938
Сириядағы бітімнің кепілгерлері Астанада бас қосады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Сирия бойынша Астана форматындағы 21-ші келіссөздер аталмыш күндерде Астанада өтетіні айтылған.

Мәлімдемеде кепілгер елдер Түркия, Ресей және Иран делегацияларымен бірге Дамаск әкімшілігі мен оппозициясының да қатысатыны білдірілді.

Мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Иордания, Ирак және Ливан өкілдерінің отырыстарға бақылаушы ретінде қатысуы күтілетіні атап өтілді.

Мәлімдемеде «Алдын ала күн тәртібінде Сирия төңірегіндегі аймақтық жағдайдың дамуы, Сириядағы жан-жақты шешуге бағытталған күш-жігер, гуманитарлық жағдай және Сирияны қалпына келтіруді жеңілдету үшін халықаралық қоғамдастықтың талпыныстарын жұмылдыру бар» делінді.



Ұқсас жаңалықтар