Астанадан Римге және Миланға жаңа рейстер

Астана – Рим және Астана – Милан арасында жаңа әуе рейстері  ашылады.

2091027
Астанадан Римге және Миланға жаңа рейстер

 

Астана – Рим және Астана – Милан арасында жаңа әуе рейстері  ашылады.  Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «NEOS «әуе компаниясының президенті Лупо Раттацциді қабылдау кезінде айтты.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екі ел арасындағы тікелей әуе қатынастары сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына тың серпін береді. Президент Алматы – Милан әуе рейсіне сұраныстың жоғары екенін атап етті. Бұл рейс ашылғалы бері 70 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.

Өз кезегінде Лупо Раттацци аймақтағы әуе бағыттарының ауқымын кеңейту жөніндегі жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Алматы – Милан бағытындағы рейс санын көбейту, Астана және Рим, сондай-ақ Астана және Милан арасында әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр.

 

Дереккөз – KAZINFORM



Ұқсас жаңалықтар