Садыр Жапаров маңызды мәлімдеме жасады

Садыр Жапаров «Осы таңда үкіметтің ауысуына еш негіз жоқ. Біз бұл үшін мүмкіндіктің жасалуына жол бермейміз» деді.

2090496
Садыр Жапаров маңызды мәлімдеме жасады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Жапаров сұхбатында «Осы таңда үкіметтің ауысуына еш негіз жоқ. Біз бұл үшін мүмкіндіктің жасалуына жол бермейміз» деді.

Жапаров «Біз барлығын қолдың бес саусағындай білеміз. Олардың артында үлкен топтар тұрғанын бұрын да айттым. Өздері де бұны жасырмайды, ашық айтады» деді.

«Халықты жинап, жасырын түрде оқ жаудыруды немесе жарылыс ұйымдастыруды ойлап жүргендердің басшыларын шара қолданбас бұрын анықтаймыз. Олар ең ауыр жазаға тартылады. Біз үшіш мемлекеттің және жай халықтың қауіпсіздігі өте маңызды» деген Жапаров  билікті қалайтындарды заңды сайлауға қатысуға шақырды.

Бұдан бұрын Қырғызстан әкімшілігі елде төңкеріс болады деп күтілген жаппай акциялар жоспарланғанын мәлімдеген болатын. Басшылықтың айтуынша, бұл бастамаларға кәсіпкер Имамидин Ташов, оппозиция белсендісі Тілекмат Күренов және басқа топтардың қатысы болуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар