Әзербайжан Қорғаныс министрі  Хасанов Гүлерге көңіл айтты

Закир Хасанов шейіт болған әскерлер үшін Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлерге көңіл айтты.

2088264
Әзербайжан Қорғаныс министрі  Хасанов Гүлерге көңіл айтты

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциялық аймағында шейіт болған әскерлер үшін Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлерге көңіл айтты.

Хасанов министр Гүлдерге арнаған көңіл айту хабарламасында бөлшшектеуші террор ұйымы жасаған опасыз шабуылда Түрік Қарулы Күштері әскерилерінің шәйіт болғаны және жараланғаны туралы хабарға  қатты қайғырғанын білдірді.

Түркияның қайғысын өз дерті ретінде көретіндерін білдірген Хасанов «Террордың әр түрін қатаң түрде айыптаймыз. Террормен күресте бауырлас Түрік Қарулы Күштерін әрқашан қолдаймыз» деді.

Министр Хасанов жолдауында шейіт болған сарбаздарға Алланың рақымын тілеп, жараланған сарбаздарға шипа тіледі.



Ұқсас жаңалықтар