Алматы қаласы ең үздік туристік бағыттар тізіміне енді

«New York Times» газеті Алматы қаласын ең үздік туристік бағыттар тізіміне енгізді.

2087391
Алматы қаласы ең үздік туристік бағыттар тізіміне енді

«The New York Times» биыл, 2024 жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның дәстүрлі тізімін жариялады.

 ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарына қарағанда, танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы тізімде 25-орында тұр.

«Алматы Қазақстанның екі миллион халқы бар ең ірі қаласы болса да, тыныш, бірақ белсенді қала әсерін қалдырады. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық тұрмысында айқын көрінеді. Ұн, су және етке негізделген «нео-номадтар» асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылады. Көк базардағы жемістер мен жаңғақтарды көріңіз» деп жазылған мақалада.

Мақалада Алматының фотосуреті де жарияланған.

«Қазақстан соңғы жылдары әлемдік БАҚ рейтингіне жиі ілігіп келеді және «New York Times» тізіміне ену туристердің біздің елімізге деген қызығушылығының артып келе жатқанын анық білдіреді», - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алматы – бұл рейтингіге енген аймақтағы жалғыз қала. Бұған дейін 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында осы тізімге енгізілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар