Армения жаңа ұсынысын Әзербайжанға жіберді

Армен Григориян Армения-Әзербайжан бейбітшілік келісімі процесі туралы мәлімдеме жасады.

2086252
Армения  жаңа ұсынысын Әзербайжанға жіберді

Армения бейбітшілік келісіміне байланысты жаңа ұсынысын Әзербайжанға жіберді.

Арменияның ресми ақпарат агенттігі «Арменпресстің» хабарына қарағанда Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі бас хатшысы Армен Григориян Армения-Әзербайжан бейбітшілік келісімі процесі туралы мәлімдеме жасады. Ол «4 қаңтар күні Армения Әзербайжанның ұсынысына жауап қайтарды. Ұсыныстарына екі аптада жауап бердік.  Енді Әзербайжанның жауабын күтеміз» деді.

Әзербайжанмен жүргізілген бейбітшілік келіссөзінде «уағдаластыққа жете алмаған» тақырыптар бар екенін білдірген Григориян «Осы тақырыптарда қысқа уақытта келісеміз деп ойлаймыз.  Шешімі табылмаған кейбір проблемалардың өзара келіссөз арқылы және бейбітшілік келісіміне қол қойылғаннан кейін шешілуін күтеміз» деді.

Ол сонымен бірге екі ел арасында шекараның айқындалуына байланысты комиссияның қаңтар айының аяғына қарай қайта бас қосатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар