Тоқаев 2023 жылы 19 елге шетелдік сапармен  шықты

Қазақстан Президентінің Баспасөз қызметі жылды қорытындылады.

2082173
Тоқаев 2023 жылы 19 елге шетелдік сапармен  шықты

Қазақстан 2023 жылы көпжақты сыртқы саясатын жүргізуді жалғастырды.

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 19 елге шетелдік сапармен  шықты.

2023 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарқынды дипломатиялық қадамдары жалғасты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы шетелге 19 рет сапар жасады. 27 халықаралық форум мен саммитке қатысты. Атап айтқанда, шет мемлекеттердің президенттерімен 30, шетел үкіметтері басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, іскер топтар өкілдерімен 106 кездесу өткізілді. Мемлекет басшысының сапарлары шеңберінде 18 екіжақты құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар 27 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. 41 елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға мән берді.

Сонымен бірге ол Транскаспий дәлізін дамыту бойынша жұмысты күшейтті.

Тоқаев жұмыс сапармен елдің 14 өңірінде болды.

Мемлекет басшысы 5 мыңнан астам құжатқа, оның ішінде 98 заңға, 344 Жарлыққа, 91 Өкімге қол қойды.

Елбасының тапсырмасымен мұғалімдердің жалақысы 100 пайызға, дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілді.

Үкіметке экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар, заңсыз активтерді Қазақстанға қайтару жұмыстары жалғасты. Қабылданған шаралар аясында елге 1 триллион теңгенің активтері қайтарылды.

Бір жыл ішінде Қазақстан 696 миллиард теңге құнында  инвестиция келісімшарттарына қол қойып, шет мемлекеттерден инвестиция тартты.



Ұқсас жаңалықтар