Түрік әлемі кинематография басшылары одағы құрылды

Түрік әлемі кинематография басшылары одағының (TÜRKFİLM) құрылуына байланысты игі ниет декларациясына қол қойылды.

2081382
Түрік әлемі кинематография басшылары одағы құрылды

Түрік әлемі кинематография басшылары одағының (TÜRKFİLM) құрылуына байланысты игі ниет декларациясы Ташкентте қабылданды.

Өзбекстанның бас қаласында Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдің ұйымдастыруымен жиналыс өтті.  Жиналысқа Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түріксой басшылары қатысты.

Жиналыста түрік кинематография индустриясы тақырыбында қолдау қамдау, түрік әлемінің бай мәдени мұрасын көрсететін,  түрік халықтарының бірлігімен нығаятын өнімдердің арттырылуын ынталандыру, кинематографиядағы қазіргі тәжірибені өзара пайдалану, осы мақсатпен Түрік әлемі кинематография басшылары одағының (TÜRKFİLM) құрылуына байланысты игі ниет декларациясына қол қойылды.

Қатысушылар одақтың бірінші құрылтайына дайындық жұмыстарын атқару және елдер арасында коррдинация қызметін атқару міндетін Өзбекстан мәдениет министрлігі Кинематография агенттігі төрағасы Фирдеус Аббухалықовқа тапсырды.

Түріксой бас хатшысы Сұлтан Раев TÜRKFİLM тақырыбында мүше елдерді құттықтап,  табыс тіледі.



Ұқсас жаңалықтар