Түрік академиясында халықаралық конференция өтті

«Бауырластық тамыры: Тұлғалар ғибраты» атты халықаралық конференция өтті.

2080504
Түрік академиясында халықаралық конференция өтті

Іс-шарада Түрік акиадемиясы үш жаңа кітапты таныстырды.

Конференция Түркия Республикасының 100 жылдығы, Әзербайжан халқының ұлттық көшбасшысы Гайдар Әлиевтің туғанына 100 жыл және көрнекті қазақ жазушысы Кемел Тоқаевтың дүниеге келуінің 100 жылдығына орай өткізілді.

Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев жиында айтқан сөзінде «2023 жылы бауырлас Түркия Республикасының Түрік әлемінде тойланған жылы болды. Сондай-ақ Түрік әлемінің ұлы тұлғаларының 100 жылдығы сол жылы тойланды. Атап айтқанда, түрік әлемі ретінде биыл Әзербайжанның ұлттық көшбасшысы Гайдар Әлиевтің 100 жылдығы мен қазақтың ұлы жазушысы, Қазақстанның белгілі әдебиет қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдығын тойлап жатырмыз. Бұл ғасырлар символдық бір мағынаға ие» деді.

Іс-шара кезінде «Ататүрікті еске алғанда» деп аталтын естеліктер топтамасы – Афет Инанның 2021 жылы Түрік тарих қоғамында жарыққа шыққан «Kemal Atatürk’ü Anarken» атты кітабының қазақ тіліне алғаш аударылған нұсқасы. Кітапқа зиялы түрік әйелдер қауымының көрнекті өкілі Афет Инан ханымның Түркия Республикасының негізін қалаған ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрік туралы естеліктері мен ой-толғамдары жинақталып берілген.



Ұқсас жаңалықтар