Қырғызстанда туды өзгерту туралы заң жобасы заңға айналды

Қырғыз парламентінде ел туын өзгертуді қамтитын заң жобасы қабылданды.

2078851
Қырғызстанда туды өзгерту туралы заң жобасы заңға айналды

Қырғызстан парламенті төрағасы Нұрланбек Шакиевтің төрағалығымен өткен «Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы Бас ассамблеяда дауысқа салынды.

Парламент төрағасы Шәкиев пен депутат Улан Примов Қырғызстан туын жақсарту мақсатында әзірлеген заң жобасы 90 орындығы бар парламентте дауыс беруге қатысқан 64 депутаттың 59-ының «қабылдау» дауысымен заңға енді. 5 депутат «қарсы» дауыс берді.

Заң жобасында ел туындағы толқын тәрізді күн сәулесін тегістеп, ортасындағы шаңырақтың ішіндегі таяқша санын 3-тен 4-ке дейін көбейту туралы ұсынысты қамтиды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2-ші Халық құрылтайында (Халықпен бас қосу) ел туына өзгеріс енгізуді өзінің қалағанын мәлімдеген еді.

Жапаровтың бекітуінің артынан заң Ресми газетте жариялану арқылы күшіне енеді.



Ұқсас жаңалықтар