Өртте 13 адам қаза тапты

Алматыда хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты.

2070918
Өртте 13 адам қаза тапты

Алматыда хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда жертөлесі мен бірінші қабаты хостел ретінде пайдаланылған 3 қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 13 адам қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар көмірқышқыл газынан уланған.

Марқұмдардың жеке басы анықталып, сот-медициналық сараптамасы басталғаны хабарланды.

72 адам тұратын хостелде тұтанған өрттің себебі әлі анықталған жоқ.


Этикеттер: #өрт , #хостел , #Алматы

Ұқсас жаңалықтар