Әзербайжаннан Арменияға шақыру

Арменияны бейбіт келісімге қол жеткізу үшін тікелей екіжақты келіссөздерді бастауға шақырды.

2067192
Әзербайжаннан Арменияға шақыру

Әзербайжан Арменияны бейбіт келісімге қол жеткізу үшін тікелей екіжақты келіссөздерді бастауға шақырды.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Әзербайжанның бейбіт келісім жобасына қатысты ұсыныстарына жауап беру үшін Арменияның шамамен 2,5 ай уақыт алуының процесті айтарлықтай кешіктіргені атап өтілді. Мәлімдемеде бейбіт келіссөздердегі кешігу аймақтағы тұрақтылық пен өркендеуге оң ықпал етпейтіні айтылды.

Мәлімдемеде «Әзербайжан бейбіт келісімді мүмкіндігінше тезірек жасау үшін Армениямен тікелей (делдалсыз) екіжақты келіссөздер жүргізуге дайын. Біз екі ел болашақ қарым-қатынастарын бірлесіп шешуі керек деп есептейміз» деген сөздерге орын берілді.

Сондай-ақ «Біз армян жағын жаңа қажетсіз кідірістерді болдырмауға шақырамыз және келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастау туралы бұл шақыруға оң жауап береді деп үміттенеміз» деп айтылды.

Арменияның Сыртқы істер министрлігі Әзербайжанның бітімгершілік келісім жобасына 2,5 ай кешігіп жауап берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар