Шахта апатында қаза тапқандар саны артты

Президент Тоқаев оқиға болған Қарағанды ​​облысында марқұм кеншілердің отбасыларымен кездесіп, оларға  көңіл айтты.

2057146
Шахта апатында қаза тапқандар саны артты

Қазақстанда көмір шахтасындағы өрттен қаза тапқандар саны 32-ге жетті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Арселор Миттал Теміртау» кен өндіру кәсіпорны басқаратын шахтада қаза тапқан кеншілердің саны 32-ге жетті. 14 кеншіні іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға болған Қарағанды ​​облысында марқұм кеншілердің отбасыларымен кездесіп, оларға  көңіл айтты.

29 қазанның жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланғанын білдірген Тоқаев үкіметке кенішті басқаратын «Арселор Миттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырып, жаңа басшы тағайындағанын мәлімдеді. Тоқаев қаза тапқандар мен зардап шеккен кеншілердің отбасыларына барлық қолдау көрсетілетінін айтты.

Қарағанды ​​облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» кен өндіру кәсіпорнына қарасты 700 метр тереңдіктегі Костенко шахтасында түнде өрт шыққан еді. Шахтадағы 252 жұмысшының 206-сы шығарылып, 22-нің мәйіті табылып, қалған 24 кеншіні іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланған болатын.

Бас прокуратура да оқиғаға қатысты алдын ала тергеуді бастағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар