29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады

Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті.

2057061
29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездескен президент кеншілердің жақындарына  көңіл айтты.

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Ол ертең яғни 29 қазанды елде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті, 23 кенші әлі де жер астында.

 



Ұқсас жаңалықтар