Соло марафонын Республика күніне арнады

106 шақырымды 6 сағатта бағындырды.

2055123
Соло марафонын Республика күніне арнады
Kazakistan_bisiklet_Ernat_Mels_kazakça
Kazakistan_bisiklet_Ernat_Mels_kazakça

Соңғы кезде қазақ жастарына үлкен үлгі болып жүрген журналист, аудармашы, веломарафоншы Ернат Мелсұлы Республика күніне орай Астана қаласында «Сұржекейімен» 106 шақырымды бағындырды. Ол Түркияның Қазақстандағы Елшілігі ғимараты маңынан басталған 106 шақырымдық марафонды 6 сағатта өндірді.

Мелсұлы Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай Түркия және Қазақстанның туымен безендірілген велосипедімен Астанада 100 шақырым жолды жүріп өтті. Соло марафонын Астанадағы Ататүрік ескерткішінің алдында аяқтаған Мелсұлын түрік елшісі Мұстафа Капуджу қарсы алды.

Белгілі велошабандоз сол жерде Түркияның беделді «АА» агенттігіне сұхбат беріп,  «Мен бұл марафонды Республика күніне және бауырлас Түркия мемлекетінің 100 жылдығына арнаймын. Анадолыдағы түрік ағайынның түп қазығы, ата жұрты – қазақтың жері Алтай өлкесі. Мұстафа Кемал Ататүрік 1924 жылы Түркия Республикасын құрды. Ал Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстары бір тудың астына бірігіп, 1917 жылы Алаш автономиясының  қазығын қақты» деді ол.

Ернат Мелсұлы «Межелеген қашықтық 100 шақырым болуы тиіс еді. Халықаралық сертификат берілген «Strava» қосымшасының көрсеткіші бойынша басып өткен жолым – 106 шақырым. Бұл сан да кездейсоқтық емес деп пайымдаймын, себебі биыл Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстары құрған ұлттық мемлекет – Алаш автономиясына 106 жыл толды. Былтыр ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Қайраткердің мерейтойына орай туған  топырағы Торғайдан шығып, 55 күн  жүріп,  Стамбул қаласына дейін 5555 шақырым жолды велосипедпен өттім» деді.

Веломарафоншы келесі жылдың сәуір айында Түркиядан бастап, Еуропа құрлығының 10 мемлекетін көктей өтіп, жазғы Олимпиада ойындары ұйымдастырылатын Париж қаласына  дейін баруды жоспарлап қойған. Ол бұл шеруін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл және мұсылман халықтары арасынан тұңғыш болып таэквондадан 6-дан иегері атанған Мұстафа Өзтүріктің туғанына 70 жыл толуына орай өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар