Әлиев Францияны сынға алды

«Ядролық сынақтардың зардабы анықталуы керек және Франция сол елдерге құнақы төлеуі қажет» деді ол.

2053742
Әлиев Францияны сынға алды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Францияда нәсілшілдік және Исламға дұшпандығы артқан сайын француз басшылардың басқа елдерге сабақ беруге және басқа елдердің ішкі істеріне араласуын арттырғанын білдірді.  Президент Әлиев Бакуде өткен «Жаңа отарлау: Адам құқықтарын бұзушылық пен әділетсіздік» атты халықаралық конференцияның қатысушыларына жолдау жіберді.

Ол өз жолдауында Әзербайжанның қазіргі әлемде отаршылықтың жалғасуына және жаңа түрлерінің ортаға шығуына мазасызданғанын жеткізді. Әлиев отаршылықты жалғастырған елдердің бірінің Франция екенін атап көрсетті.  Әлиев Францияның 20-ғасырда Полинезияда шамамен 200, Алжирде болса  17 ядролық сынақ жүргізгенін,  бұлардың әсерінің әлі күнге сезілгенін айтты. «Ядролық сынақтардың зардабы анықталуы керек және Франция сол елдерге құнақы төлеуі қажет» деді ол.

132 жылдық басқыншылық кезінде Францияның Алжирде 1,5 миллионнан астам адамды қырғанын білдірген Әлиев Марокко, Тунис, Джибути, Нигерия, Чад, Сенегал, Комор аралдары, Вьетнам және Гаити секілді елдерде бүгінгі күні де француз басқыншылығының іздері бар екенін айтты.

Руанда қырғынында да Францияның жауапты екенін білдірген Әзербайжан президенті «Екі жүзді және қос стандарт саясат жүргізген Франция өзін аймақтағы азсанды халықтардың қорғаушысы секілді көрсетуге тырысады.  Францияда нәсілшілдік пен Ислам дұшпандығы артып отырғаны белгілі. Француздар басқа елдерге сабақ беруге және басқа елдердің ішкі істеріне аласуды жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар