Қазақстаннан Ауғанстанға көмек

Бұл туралы Қазақстан үкіметі хабарлады.

2048727
Қазақстаннан Ауғанстанға көмек

Қазақстан Ауғанстанға құтқару топтары мен гуманитарлық көмек жібереді.

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, Қазақстан 7 қазанда Герат уәлаятында  болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін Ауғанстанға қолдау көрсетеді.

Ауғанстанға гуманитарлық көмек және құтқару тобын жіберу туралы шешім Үкімет комиссиясының отырысында қабылданды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға азық-түлік, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да негізгі материалдардан тұратын гуманитарлық көмек әуе және теміржол арқылы тез арада жөнелтіледі.

Сондай-ақ үйінді астынан адамдарды құтқаруға ҚР ТЖМ иттері мен құтқарушылары да қызмет етеді.



Ұқсас жаңалықтар